Елена Рыбакина мен сенсация жасаған теннисші арасындағы матч екі сетке созылды

Редактор Penalty.kz
12.02.2025, 17:47

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингтегі орны 7) Дохадағы турнирдің үшінші айналымында словакиялық Ребекка Шрамковаға (46-орын) қарсы ойнады. 

elorda.info

Рыбакина екі партия қорытындысында — 7:6, 6:2 есебімен жеңіс тойлады. Кездесу 1 сағат және 26 минутқа созылды. 

Енді қазақстандық теннисші ширек финалда өнер көрсетеді. Оның бұл кезеңдегі қарсыласы польшалық Ига Швёнтек (2-орын) пен Чехия өкілі Линда Носкова (33-орын) арасындағы жеңімпаз болады. 

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина алдыңғы кезеңде америкалық Питон Стирнсті(47-орын) оңай тізе бүктірсе, ал Ребекка Шрамкова ресейлік Мирра Андрееваны (15-орын) күтпеген жерден қапы қалдырған.