Қазақстандық теннисші Испаниядағы беделді турнирдің екінші кезеңіне оңай өтті
26.03.2025, 21:53
Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің екінші айналымына сенімді түрде жолдама алды.
ulyssport.kz
Турнирдің алғашқы айналымында Скатов Боливия өкілі Уго Дельенді айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 6:1, 6:3. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.
Бұл жеңіс Скатов үшін маңызды реванш болды. Себебі бұған дейінгі 2021 және 2023 жылдардағы екі кездесуде Дельен жеңіске жеткен еді.
Турнирдің келесі кезеңінде Тимофей Скатов Молдова өкілі Раду Алботпен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама