Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дмитрий Попко Мексикада сенсация жасады

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 13:25

Қазақстандық теннисші Тьяго Тирантеден айқын басым түсіп, Морелиядағы турнирдің басты жаңалығына айналды.

kazpravda.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 245-орында) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінде сенсациялық нәтиже көрсетті. Ол ширек финалда рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен (117-орын) кездесіп, матчты 6:1, 6:4 есебімен оңай аяқтады.

Аргентиналық спортшы бұл турнирде төртінші нөмірмен тіркеліп, айқын фаворит саналған. Бірақ Попко тамаша ойын өрнегін көрсетіп, ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ.

Осылайша, Дмитрий Попко жартылай финалға шықты. Онда ол француз Уго Греньемен (204-орын) кездеседі. 

Турнир туралы не білеміз?

Морелиядағы ATP Challenger турнирінің жалпы жүлде қоры — 200 000 АҚШ доллары. Жеңімпаз 28 400 доллар мен 125 ATP рейтингтік ұпайын иеленеді.