Дмитрий Попко ATP Challenger турнирінің финалында екінші рет қатарынан чемпион атану мүмкіндігін жіберіп алды. Жарыс Мексиканың Морелос қаласында өтті.
Әлемдік рейтингте 175-орында тұрған Попко бұл жолы Швейцария өкілі Марк-Андреа Хуслерге (168-орын) 4:6, 6:3, 4:6 есебімен жол берді. Қарсыластар арасындағы бәсеке 2 сағатқа созылды.
Матч барысында Попко 7 эйс жасап, 1 қос қателікке бой алдырды. Сонымен бірге ол 5 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Ал швейцариялық теннисшінің еншісінде – 12 эйс, 3 қос қателік және 5 мүмкіндік ішінде 3 брейк-пойнтты іске асырды.
Бұл жеңіс Марк-Андреа Хуслердің кәсіби мансабындағы оныншы титулы болды. Оның жетеуі – дәл осы "Челленджер" сериясында. Мұндай тұрақты нәтижелер оның тәжірибесінің жоғары екенін айғақтайды.
Еске сала кетейік, бір апта бұрын дәл осы Мексикада, бірақ Морелия қаласында өткен ATP Challenger турнирінде Дмитрий Попко чемпион атанды.