Қазақстанның екінші ракеткасы Мадридтегі турнирді сәтті бастады
07.04.2025, 22:24
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан топырақтағы "Челленджер" турнирінің алғашқы кезеңінде сенімді жеңіске жетті.
sputnik.kz
Әлемдік рейтингте 106-орында тұрған Шевченко бұл жарыста төртінші нөмірлі мәртебесіне ие болды. Алғашқы айналымда ол АҚШ өкілі Тристан Бойермен (дүниежүзілік рейтингте 120-орын) кездесті.
1 сағат 43 минутқа созылған кездесуде Шевченко 7:5, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бұл матчта ол мықты ойын өрнегін көрсетті:
- 5 брейк-пойнт іске асырды (13 мүмкіндіктің ішінен);
- 4 эйс орындады;
- 3 қос қателік жіберді.
Алекчандр екінші айналымда wild card-пен жарысқа қатысып жатқан испандық Мигель Дамас пен іріктеу кезеңінен өткен словак Норберт Гомбос арасындағы матч жеңімпазымен күш сынасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама