Қазақстандық таэквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды
09.04.2025, 17:30
Белградта (Сербия) өткен халықаралық Serbia Open G1 турнирінде Қазақстанның кадеттер мен юниорлардан құралған таэквондо құрамасы керемет нәтиже көрсетті.
olympic.kz
Жалпы есеп бойынша қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды — олардың ішінде 6 алтын, 1 күміс және 4 қола бар.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жарысты өте сәтті аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Жекелеген нәтиже бойынша:
- Егор Шаптефраць (+78 кг) – алтын
- Теміржан Тасқын (51 кг) – алтын
- Нұрперзент Саматұлы (48 кг) – алтын
- Қанат Рахымберді (68 кг) – алтын
- Бекет Болатұлы (73 кг) – қола жүлде
Кадеттер құрамасы да ел үмітін ақтады. Олардың еншісінде:
- Хамзальпер Ромашкин (61 кг) – алтын
- Диас Байдуллаев (33 кг) – алтын
- Руслан Стацина (37 кг) – күміс
- Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг) – қола
- Сұлтанмұхаммед Розиев (45 кг) – қола
- Мирас Есенгельдин (65 кг) – қола
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама