UFC 314 турнирінің басты жекпе-жегінде чемпион тағдырын төрешілер шешті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
13.04.2025, 10:39

АҚШ-тың Майами қаласында өткен UFC 314 турнирінде жартылай жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін Александр Волкановски мен Диего Лопес арасындағы тартысты айқас бес раундқа созылып, шешуші сөзді төрешілер айтты.

thescore.com

UFC 314 турнирінің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион, австралиялық Александр Волкановски мен бразилиялық үміткер Диего Лопес октагонға шықты. Екі файтер де бес раунд бойы жоғары қарқын көрсетті. Айқас толық қашықтыққа созылып, жеңісті төрешілер шешімімен Волкановски иеленді — 48-47, 49-46, 49-46.

Бұл жеңіс арқылы Волкановски UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Жекпе-жекке дейінгі және кейінгі рекордтар

  • Александр Волкановски (Австралия) — 27 жеңіс, 4 жеңіліс
  • Диего Лопес (Бразилия) — 23 жеңіс, 7 жеңіліс

Лопес бұл кездесуде лайықты қарсылық көрсетті, бірақ чемпиондық белбеу үшін соңғы шешуші әрекеттері жетіспеді.

Айта кетейік, бұл кештің қосалқы басты жекпе-жегінде британдық Пэдди Пимблетт америкалық Майкл Чендлерді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осылайша UFC 314 турнирі жанкүйерлерге естен кетпес тартысты жекпе-жектер сыйлады.