Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық чемпион Сергей Ковалевпен бірге рингке шығады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 09:35

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов ресейлік аты аңызға айналған Сергей Ковалевтің қоштасу кешінде рингке шығады. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

18 сәуір күні Ресейдің Челябі қаласында өтетін кеште Нұртас Әжбенов ресейлік Ваге Саруханянмен жұдырықтасады. Кездесу алты раундқа жоспарланған. Бұл — Әжбенов үшін ерекше рөл атқаратын жекпе-жек, себебі ол аңыз спортшының соңғы кешінде өнер көрсетеді.

Нұртас Әжбенов — WBC Asian Continental тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион. Бұл белбеуді ол 2021 жылы жеңіп алған. Ал оның соңғы жекпе-жегі биыл наурыз айының соңында өтті. Онда ол отандасы Дастан Сәдуұлын бірінші раундта нокаутпен жеңіп, өзінің қауқарын дәлелдеді.

Атақты Сергей Ковалевтің (35-5-1, 29 КО) мансаптағы соңғы қарсыласы — Германия атынан өнер көрсететін, Қазақстанда туған Артур Манн (22-4, 13 КО) болмақ. Бұл кездесу – Ковалевтің ұзақ жылдық мансабының қорытындысы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары