Ақтауда ересектер арасында каратэден үздіктер анықталды
14.04.2025, 16:09
Ақтауда ересектер арасында Қазақстанның карате чемпионаты өтті. Жарыс биыл ерекше рекордпен есте қалды.
olympic.kz
Қазақстан чемпионатына елдің әр өңірінен келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Бұл турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бәсеке ұлттық құраманың жаңа құрамын жасақтауға негіз болды.
Ерлер арасында чемпион атанғандар:
- 55 кг: Мирас Әбдіқадыр
- 60 кг: Нұрбек Кенжебай
- 67 кг: Еркінбей Байтөреев
- 75 кг: Нұрқанат Әжіқанов
- 84 кг: Данияр Юлдашев
- +84 кг: Дияс Ұлбек
Әйелдер арасында топ жарғандар:
- 50 кг: Мөлдір Жаңбырбай
- 55 кг: Айшабибі Шарахан
- 61 кг: Әсел Қанай
- 68 кг: Даяна Даренская
- +68 кг: Софья Берульцева
Чемпионат қорытындысы бойынша құрлықтық және әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құраманың жаңа құрамы бекітілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің ішінен ең үздіктер іріктеліп алынды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама