Ауыр салмақта үш бірдей чемпиондық белбеудің иесі, украиналық Александр Усик шілде айында Даниэль Дюбуаға қарсы шаршы алаңға шығады.
The Ring басылымының мәліметінше, абсолютты чемпион атағы үшін өтетін жекпе-жек 12 шілде күні Лондондағы әйгілі "Уэмбли" стадионында ұйымдастырылады. Бұл кеш — 2025 жылдың ең көп күткен бокс оқиғаларының бірі болғалы тұр.
Қазіргі уақытта Усик үш чемпиондық титулға ие:
Ол енді IBF тұжырымы бойынша чемпион Даниэль Дюбуадан соңғы белбеуді тартып алуды көздеп отыр.
Айта кетейік, қос боксшы 2023 жылы шаршы алаңда кездескен. Ол кезде Усик қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіп, өз үстемдігін дәлелдеген.
Александр Усик бұған дейін Тайсон Фьюриге қарсы өткізген бірінші жекпе-жекте де барлық титулдарды біріктіріп, абсолютты чемпион атанған. Кейіннен ол IBF белбеуінен бас тартуға мәжбүр болды. Бұл белбеу кейін Дюбуа мен Энтони Джошуа арасындағы шайқаста сарапқа салынып, жеңіске жеткен Дюбуа IBF чемпионы атанды.
Усик өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізді. Ол Тайсон Фьюриге қарсы қарымта кездесу еді. Украиналық боксшы бұл жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңіске жетіп, өзінің мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.