Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ресейдегі турнирде сенсация тіркелді

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 12:50

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде күтпеген нәтиже тіркелді. Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады.

sports24.kz
Реклама
Реклама

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бейбарыс Жексен алғашқы айналымда моңғолиялық Гандболд Довньямбуу есімді боксшымен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өткенімен, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс моңғол спортшысының еншісіне бұйырды.

Бұл нәтиже турнир жанкүйерлері үшін де, мамандар үшін де үлкен сенсация болды. Себебі Бейбарыс кездесудің фавориті саналған еді.

Айта кетейік, Бейбарыс Жексен — жастар арасындағы Азия чемпионы және Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы. 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғап, ширек финалға дейін жеткен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары