Азия чемпионатындағы қызу кезең: қазақстандық жас боксшылар жарқырай түсті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 12:00

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты қарқын алып келеді. Бұл – жаңа құрылған World Boxing ұйымының аталған жас санаттары бойынша ұйымдастырып отырған алғашқы құрлықтық дода.

instagram/@boxingkazakhstan

Тартысқа толы турнирге Азияның 18 мемлекетінен 400-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының өкілдері де бар. Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Бұл кезеңде 15 жасқа дейінгі 7 жасөспіріміміз рингке шығып, ел намысын қорғайды.

Ал кеше 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында іріктеу кездесулері ұйымдастырылды. Қазақстаннан үш бірдей спортшы бақ сынап, олардың екеуі айқын жеңіске жетті. Атап айтқанда:

  • 60 келі салмақта өнер көрсеткен Әнуар Ыдырысов түркіменстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.
  • 70 келі салмақтағы Қуаныш Орынбасар үндістандық қарсыласын еш мүмкіндік бермей ұтты.
  • Ал 63 келідегі Алдияр Баяндинов Украина боксшысынан ұтылып қалды.

Қазіргі кезде жарыстың қызықты кезеңі басталды. Қайсарлық пен шеберлікке толы бәсекенің толық қорытындысы 30 сәуір күні белгілі болады.