Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қазақ жауынгері" WBA белбеуін қорғау үшін тағы бір жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 18:00

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіліс көрмеген Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 KO) келесі жекпе-жегінің нақты уақыты мен қарсыласын білді.

instagram/@irfin_promotions
Реклама
Реклама

“Қазақ жауынгері” деген лақап атымен танылған Елшат 3 мамырда Бангкок қаласында рингке шығады. Бұл жолғы қарсыласы — Намибиядан келген жеңілмеген боксшы Филлемон Нгутенанье (12-0-1, 4 KO) болмақ.

Жекпе-жекте WBA Asia тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл титул қазір Елшаттың еншісінде.

Елшат Нығметолла WBA Asia чемпиондық титулын биыл, 1 ақпанда дәл сол Бангкокте өткен жекпе-жекте жеңіп алған. Сол кезде индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 KO) төртінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген.

Осылайша қазақстандық боксшы өзінің жеңіліссіз сериясын 21 жеңіске дейін жеткізіп, Азияда үлкен беделге ие болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары