Токио Олимпиадасының қола жүлдегері каратэден Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 15:30

Дархан Асәділов каратэден ұлттық құрама бас бапкері болып тағайындалды.

olympic.kz

Шымкент қаласының тумасы Дархан Асәділов — елдің ең табысты каратэшілерінің бірі. Оның спорттық жолы түрлі халықаралық додаларда жеңістермен өрілді:

  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Токио-2020)
  • Әлем чемпионатының жүлдегері (қола – Астана-2017, күміс – Гуанчжоу-2011)
  • Азия ойындарының чемпионы (Гуанчжоу-2010)
  • Karate-1 Premier League турнирінің 8 дүркін жүлдегері

Дархан Асәділов бапкерлік мансабын Шымкенттегі спорт мектебінде бастаған. Кейін жасөспірімдер құрамасында еңбек етіп, тәжірибе жинақтады. Енді ол Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері ретінде жұмысын бастамақ.

Асәділов бапкер ретіндегі алғашқы халықаралық сынағын мамыр айының соңында Ташкентте өтетін Азия чемпионатында өткізеді.

Жаңа бапкердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамын қалыптастырып, спортшыларды 2026 жылы Жапонияның Айти префектурасында өтетін Жазғы Азия ойындарына сапалы дайындау.