Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған дзюдошы беделді турнирде өнер көрсетеді
Жарнама
Жарнама
Дзюдодан Қазақстан құрамасының Тәжікстанда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын құрамы белгілі болды.
Байрақты бәсеке 1-3 мамыр аралығында Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді. Оған әлемнің әр түкпірінен 200-ден астам дзюдошы қатысады.
Қазақстан құрамасы атынан сегіз спортшы өнер көрсетеді. Олардың ішінде Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы, әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова бар.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, ел намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі:
- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)
- Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)
- Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)
- Ықылас Әлсейт (73 келіге дейін)
- Ансарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін)
- Досхан Жолжақсынов (81 келіге дейін)
- Ермұхан Естай (100 келіге дейін)
- Мұхаммедәлі Мәулітов (100 келіге дейін)
Жарнама
Жарнама