Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Олимпиада чемпиондары Астанада белдеседі

Сарапшы, спорт журналисі
30.04.2025, 17:40

9–11 мамыр аралығында Астанада дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі өтеді. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

2025 жылдың 9–11 мамыр аралығында Астанада дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» халықаралық турнирі өтеді. Бұл – еліміз үшін өте маңызды дода, себебі биыл турнирге Олимпиада ойындарының төрт чемпионы қатысады!

Турнир ауқымы

Астана төрінде өтетін биылғы жарысқа 50-ге жуық елден 400-ден аса дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Турнир – Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми рейтингтік жарыстарының бірі.

Олимпиада чемпиондары кімдер?

  • Рафаэла Силва (Бразилия, 63 кг) — Рио-2016 чемпионы
  • Беатрис Соуза (Бразилия, +78 кг) — Париж-2024 алтын иегері
  • Барбара Матич (Хорватия, 70 кг) — Париж-2024 чемпионы
  • Таканори Нагасэ (Жапония, 81 кг) — Токио және Париж Олимпиадасының чемпионы

Айта кетейік, Рафаэла Силва былтыр дәл осы турнирге қатысып, жүлдесіз қайтқан. Ал Нагасэ Қазақстанға 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында келіп, алтын алған болатын.

Қазақстан құрамасы да сақадай сай

Еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы бұл жолғы жарысқа ең мықты құраммен қатыспақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары