Канело абсолютті чемпион мәртебесін қайтармақ

Редактор Penalty.kz
03.05.2025, 16:10

4 мамыр күні таңертең Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кешінде Сауль "Канело" Альварес кәсіби мансабында алғаш рет Солтүстік Америкадан тыс рингке шығады. Бұл айқас – екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атағына жол саналады.

mmafighting.com

Альварес (62-2-2, 39 KO) салмақ өлшеу рәсімінде 75,3 келі тартты. Оның қарсыласы – IBF чемпионы, кубалық Уильям Скулл (23-0, 9 KO) біршама жеңіл болды.

Бұл кездесуде Канело:

  • WBA
  • WBC
  • WBO титулдарын қорғап,

ал Скулл IBF белбеуін ортаға қояды. Жеңімпаз екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атанбақ.

Көпшілік үшін бұл кубалық — жұмбақ есім. Ол 2023 жылы қазанда ресейлік Владимир Шишкинді ұпаймен жеңіп, IBF чемпионы атанды. Сол кезде Канело бұл белбеуден уақытша бас тартқан болатын, себебі пуэрто-риколық Эдгар Берлангамен жекпе-жек өткізуді қалаған еді.

Уильям Скуллдың артында германиялық промоутерлік команда тұр. Дәл солар бұған дейін Винченцо Гуальтьериді рингке шығарған. Айта кетейік, Гуальтьери IBF белбеуін Жәнібек Әлімханұлына берген болатын. Бірақ Скуллдың әуесқой бокста атағы жоқ, бұл – Канело үшін маңызды артықшылық болуы мүмкін.

Қашан басталады?

  • Эр-Рияд уақыты бойынша жекпе-жек 6:00-де
  • Қазақстанда — таңғы 8:00
  • АҚШ-та — Канелоға үйреншікті кешкі прайм-тайм

Канело Сауд Арабиямен жасасқан келісім бойынша 4 жекпе-жек үшін шамамен 400 миллион доллар табыс табады. Скуллмен жекпе-жектен кейін, қыркүйекте Теренс Кроуфордпен кездесу жоспарда тұр. Бұл кезде Кроуфорд екі салмақ жоғары көтеріліп, тарихи жекпе-жек жасауға талпынады.