Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық екі боксшы Өзбекстандағы турнирдің финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
08.05.2025, 12:15

Өзбекстанның Чирчик қаласында өтіп жатқан халықаралық бокс турнирінде финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болды. Қазақстан құрамасының екі өкілі шешуші кезеңде шаршы алаңға шығады. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Бірінші финалдық жекпе-жек 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл салмақта Қазақстан намысын қорғайтын Әли Тоқтаров өзбек боксшысы, жергілікті жанкүйерлердің үмітін арқалаған Иброхимжон Рахмонджоновпен жұдырықтасады.

Екінші финал — 92 келіге дейінгі "ауыр салмақ" санатында өтеді. Мұнда Батырхан Сеутенов пен Өзбекстан өкілі Абдулазиз Абдурахмонов арасындағы тартысты айқас күтіледі. 

Қазақстандық команда тек финалмен шектелген жоқ. 51 келіге дейінгі салмақта Дарын Күлжабаев пен Алмас Хикеник жартылай финалға дейін жетіп, турнирдің қола жүлдегерлері атанды. 

Жалпы Қазақстан атынан турнирге 22 боксшы келген. Солардың төртеуі ғана жүлдеге ілігіп отыр. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары