Дзюдодан Астана төрінде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға шығып, алтын медаль үшін Ресей өкілдерімен белдеседі.
Талғат Орынбасар (60 кг дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг дейін) өз салмақ дәрежелерінде жартылай финалдық жекпе-жектерде қарсыластарын жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Талғат Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды ұтып, финалға шықты.
Ғұсман Қырғызбаев қытайлық Цзиян Сені сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Финалда қазақ дзюдошылары ресейлік балуандармен белдеседі:
Ал 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңілген Аман Бақытжан қола медаль үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі. Бұл кездесу де аса тартысты болмақ.