Бұған дейін Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай сегіз ай бойы сыйақы мен пәтер кілтін ала алмай жүргенін мәлімдеген еді.
Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай сыйақы мен пәтер кілтін сегіз айдан бері ала алмай жүргенін айтқан еді. Алайда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмурат Мұтәліп бұл ақпаратты жоққа шығарып, "ешқандай кешіктіру болмаған" деп мәлімдеді. Бұл туралы offside.kz хабарлады.
Tengri Sport хабарлағандай, Шахмурат Мұтәліп бұл мәлімдемені Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясында, Астанада жасаған. Оның айтуынша, мемлекеттік марапаттау процесі нақты регламентке сай өткен.
«Ешкім бұл процесті әдейі созған жоқ. Мұнда белгілі бір тәртіп бар — мысалы, допинг-тексеру 2–3 айға дейін созылады. Егер спортшы тесттен өтпесе, сыйақы берілмейді. Қазір мемлекет барлық мерзімді сақтап отыр. Менің ойымша, олар тиісті төлемдерін алды. Федерация тарапынан да сыйақылар Олимпиададан кейін төленді», — деді Мұтәліп.
Мұтәліп әйелдер арасында Сербияда өткен әлем чемпионаты бойынша да пікір білдірді:
«Федерация тарапынан төленді. Ал IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) тарапынан жағдай әзірге белгісіз. Бұл мәселені нақтылау қажет.»
Ал Назым Қызайбай 2025 жылдың сәуір айының соңында сегіз ай бойы жүлде қаражатын алмағанын, пәтер кілті де берілмегенін мәлімдеген болатын. Бұл қоғамдық резонанс тудырып, көпшіліктің наразылығын туғызды.
11 тамыз 2024 — Париж Олимпиадасы аяқталды
23 сәуір 2025 — Үкімет арнайы қаулы қабылдады
25 сәуір 2025 — Мәдениет және спорт министрлігі тиісті сыйақыны аударды
Алматыда пәтерлерді табыстау процесі басталды