Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, нағыз көшбасшы екенін дәлелдеді.
Қазақстан құрамасы финалға бірден 47 спортшысын шығарып, өзге елдерден бірнеше есеге озды. Бұл — тек жеңіс емес, елдегі бокс мектебінің қуаты мен жүйелі дайындықтың айғағы.
Қырғызстан 13 финалистімен екінші орынды еншіледі. Үшінші орында — Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) атынан өнер көрсеткен Үндістан құрамасы. Олардың қоржынында — 11 финалист.
Қалған елдердің көрсеткіші