Бұл жарыс алдағы әлем чемпионаттарына жолдама беретін шешуші дода болмақ.
2025 жылдың 24–30 мамыр аралығында елордада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді. Бұл турнир ұлттық құраманы жасақтауда шешуші рөл атқарып, еліміздің ең мықты балуандарының басын қосады.
Биылғы Кубок тек ел ішіндегі жарыс емес, ол – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын ұлттық құраманың негізгі мүшелерін анықтайтын іріктеу кезеңі.
Сол себепті бозкілемге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-ға жуық балуан, соның ішінде халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар шығады.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің атақты спорт саңлақтары қатысады. Олардың қатарында:
Юрий Мельниченко – Олимпиада чемпионы
Ислам Байрамуков – Олимпиада жүлдегері
Ермахан Ибраимов – Олимпиада чемпионы
Серік Сәпиев – Олимпиада чемпионы
және басқа да спорт шеберлері болады.
24 мамыр, сағат 17:30 – салтанатты ашылу рәсімі
Осы күні еркін күрес балуандары жарысты бастайды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы
Астана қаласының әкімдігі