24 мамыр мен 1 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкоктағы Thailand Open–2025 халықаралық турниріне қатысатын Қазақстанның құрамы белгілі болды.
Бұл додада еліміздің атынан халықаралық аренада аты шыққан бірнеше тәжірибелі спортшылар бақ сынайды. Атап айтқанда:
| 48 кг | Гүлназ Бөрібаева |
| 51 кг | Жазира Орақбаева |
| 54 кг | Сымбат Әлиасқар |
| 57 кг | Шахназ Исаева |
| 60 кг | Виктория Графеева |
| 65 кг | Назерке Серік |
| 70 кг | Наталья Богданова |
| 75 кг | Надежда Рябец |
| 80 кг | Гүлсая Ержан |
| +80 кг | Елдана Тәліпова |
| 50 кг | Нұрзат Оңғаров |
| 55 кг | Нұрсұлтан Алтынбек |
| 60 кг | Оразбек Асылқұлов |
| 65 кг | Дулат Бекбауов |
| 70 кг | Төрехан Сабырхан |
| 75 кг | Тимур Нұрсейіт |
| 80 кг | Диас Молжігітов |
| 85 кг | Бекзат Таңатар |
| 90 кг | Данияр Рахымбердиев |
| +90 кг | Даниял Сапарбай |
Thailand Open–2025 турниріне Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Украина және басқа да елдердің ұлттық құрамалары қатысады. Бұл жарыс — 2025 жылғы басты халықаралық бәсекелердің бірі ретінде саналады.