"Қазақ короліне" әлем чемпионымен жекпе-жек ұсынылды

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 17:19

Қарсылас - IBO белбеуінің иегері, ирландиялық боксшы Энтони Какейс. 

NUR.KZ

Ирландиялық IBO чемпионы Энтони Какейске қазақстандық жеңілмеген боксшы Сұлтан Зауырбекпен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Бұл ұсынысты поляк спорт шолушысы Лукаш Фенрих Thefight-site.com платформасында жариялады.

“Какейс пен Сұлтан Заурбек жекпе-жегі қызықты болар еді”

Бокстан еуропалық сарапшы Лукаш Фенрих әлеуметтік желідегі парақшасында келесідей жазба қалдырған:

“Мен Энтони Какейстің Сұлтан Зауырбекпен жұдырықтасқанын қалаймын. Бұл жекпе-жек оған қалаған қаржыны әкелмейтінін түсінемін, бірақ бұл – тамаша кездесу болар еді”.

"Қазақ королі" және чемпиондыққа үміткер

Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) — екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуінің иегері. Ол кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген және әлемдік рейтингте тұрақты өсіп келе жатқан проспект.

Оның лақап аты — “Қазақ королі”, ал стилі — шапшаң, техникалық және дәл соққыларға негізделген.

Боксшылардың BoxRec рейтингіндегі орны:

  • Энтони Какейс – 2-орында

  • Сұлтан Зауырбек – 11-орында

Екі боксшы да екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді және әлемдік титулдар үшін күресуге лайық.