Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатындағы триумфтан кейін арнайы жүлде алды

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 23:49

Қазақстан боксы Азия аренасында тағы да биіктен көрінді. Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар ел абыройын асқақтатты.

instagram/@bazarova_elina
Реклама
Реклама

ASBC үздіктерді марапаттады

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) турнир қорытындысы бойынша ең үздік боксшыларды анықтады. Ерлер арасында үздік атағы Қырғызстан спортшысы Мырзакир Қошалиевке бұйырды. Ол аса ауыр салмақтағы финалда отандасымыз Ерсұлтан Сапарды жеңіп шықты.

Ал әйелдер арасында ең үздік боксшы атағын қазақстандық Элина Базарова иеленді. 54 келіге дейінгі салмақтағы алтын жекпе-жекте Элина Вьетнамнан келген Тхи Май Чук Нгомды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстан құрамасының нәтижесі – нағыз рекорд

Жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті:

  • 22 алтын,
  • 1 күміс,
  • 1 қола медаль.

Ал бұған дейін өткен 22 жасқа дейінгі жас боксшылар арасындағы жарыста Қазақстан 19 алтын мен 5 күміс медаль еншілеген. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары