Алматыда Octagon 73 турнирінде ММА спортшысы Сүндет Айтқұл (11-2) өзінің кәсіби мансабындағы кезекті жарқын жеңісіне жетті.
Сүндетке тәжірибелі бразилиялық файтер Жоао Педро Салданья (14-6) қарсы тұрды. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта (flyweight) жоспарланған үш раундқа созылуы тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшы мәселені алғашқы раундта-ақ шегіп тастады. Салданья тұншықтыру әдісіне тап болып, жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Бұл Сүндет Айтқұлдың ММА-де он бірінші жеңісі болды.
Айтқұлдың бұл әсерлі жеңісі оның UFC-дегі болашағына тағы бір қадам болды. Бұған дейін оның жаттықтырушысы Қанат Рахымов Сүндетті UFC-ге енуі мүмкін мықты үміткерлердің бірі ретінде атаған. Бұл жекпе-жек сол мәлімдеменің нақты дәлелі болды.