Таиландтағы бокс турнирі: Қазақстан қарсыластарын ойсырата жеңді, бірақ бір жеңіліс те бар

Редактор Penalty.kz
25.05.2025, 18:09

Бангкокта Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирінің екінші күні аяқталды. Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасының бес боксшысы шықты. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер арасындағы толық үстемдік

Қазақ жігіттері бүгін қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ.Бәрі айқын жеңіспен (келесі кезеңге өтті:

  • 50 кг: Нұрзат Оңғарұлы (Қазақстан) – Мұхаммед Расденал Хайкал (Малайзия) – 5:0
  • 55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) – Йошуа Холи Масихор (Индонезия) – 5:0
  • 75 кг: Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) – Велко Тан (Сингапур) – 5:0

Үшеуі де техникалық және тактикалық тұрғыдан қарсыластарынан айқын басым түсіп, ширек финалға сенімді жолдама алды.

Әйелдер құрамасынан аралас нәтиже

Қыздар арасында Гүлназ Бүрібаева (48 кг) өз қарсыласы Офелия Магноны (Филиппин) 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның жеңісі де жоғары деңгейдегі дайындықты көрсетті.

Бірақ Шахназ Исаева (57 кг) жергілікті спортшы Пунрави Руенростан (Таиланд) ұтылып қалды — 0:5. Бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші жеңіліс болды.