Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Алтын" қолдан сусып кетті! Қазақстандық боксшы жартылай финалда сүрінді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 18:00

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының жас боксшысы Нұрзат Оңғаров қола жүлдені қанағат тұтты.

видеодан алынған скриншот
Реклама
Реклама

1:4 есебімен ұтылған жекпе-жек

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Нурзат Оңғаров бұл кезеңде Иорданиялық Хутайфа Эшишпен кездесіп, төрешілердің бөлінген шешімімен (1:4) қарсыласына жол берді.

Осылайша, финалға иорданиялық боксшы шығып, енді 1 маусым күні өзбек спортшысы Шодиёржон Меликузиевпен алтын медаль үшін қолғап түйістіреді. Ал Оңғаров турнирдің ресми қола жүлдегері атанды.

Маусым басталғаннан бері жарқыраған жас боксшы

2025 жыл Нұрзат үшін сәтті басталған еді. Ол наурыз айында Испанияда өткен беделді Boxam Elite-2025 турнирінде чемпион атанған. Сәуірде Бразилияда өткен World Boxing кубогында ширек финалға дейін жеткенімен сол тұста жарыс жолынан шығып қалған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары