49-секундтағы нокаут! Қарағандылық файтер өзбек қарсыласын жойқын соққымен тоқтатты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 18:21

Қарағандыда өткен Naiza 73 кәсіби аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтер Даниял Шәріпов (1-1) пен өзбекстандық Азизбек Зарифов (0-1) арасында жартылай жеңіл салмақта айқас өтті.

instagram/@sharipov0309

Naiza 73 кешінде Даниял Шәріпов көз ілеспес жеңіске жетті

Шарипов жекпе-жекті небәрі 49 секундта аяқтап, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты. Айқас барысында ол қарсыласын бірден қысымға алып, жойқын соққылармен рефери араласуға мәжбүр болды.

Кештің басты айқасы – Жұбаныш пен Сағын реваншы

Naiza 73 кешінің басты тартысы – Бағдат Жұбаныш (6-1) пен Қазбек Сағын (6-0) арасындағы реванш. Бұл жолы олар аралық салмақта – 55 келіге дейін күш сынасады.

Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2023 жылдың маусым айында өтіп, онда Казбек Сағын төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіп, Naiza лигасының минимал салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалған болатын.