Қазақстанның ең сұлу боксшысы елден кетеді

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 11:03

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, көрермендер арасында сұлулығымен және шеберлігімен танымал Балауса Мұздыман YouTube-тағы "Спорт Пульс" арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарларын айтып берді.

instagram/@muzdi__

Балауса Мұздыман АҚШ-қа жол тартады

Ол АҚШ-қа жоспарланған сапар туралы алғаш рет ашық айтты.

"Біздің АҚШ-қа сапарымыз шілде айына жоспарланған. 11 шілдеде бокс кеші өтеді. Мен сол кешке ресми шақырту алдым. Жаттықтырушыммен бірге барамыз. Онда жекпе-жектерді көріп, шағын оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Спаррингтер мен жаттығулар болады", — деді Балауса.

Келесі жекпе-жек — Алматыда

Балаусаның кезекті жекпе-жегі 6 маусым күні "Алматы Аренадағы" All Stars Boxing турнирінде жоспарланған. Бұл жолы ол Мысыр елінің өкілі Айя Рамаданға қарсы шығады.

Балауса — қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында танымал әрі медиаға жиі шығатын тұлға. Ол өзінің спорттағы жетістігімен қатар, сыртқы келбетімен де жанкүйерлерді баурап жүр.