Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов 28 маусымда Oktagon еуропалық лигасының чемпиондық белдігі үшін октагонға шығуға дайындалып жатыр. Бұл шешуші кездесуге дейін ол UFC чемпионымен бір рингте бес раундтық спарринг өткізді.
Қазір Жалғас Майамидегі әйгілі American Top Team спорт залында дайындалып жатыр. Бұл залдан Дастин Порье, Андерсон Сильва, Хорхе Масвидаль сынды жұлдыздар шыққан.
Ал Жұмағұловқа қазіргі UFC чемпионы Александр Пантожа спарринг серіктес ретінде көмектесуде.
Қазақстандық файтердің бапкері Денис Милованов жаттығу сәтінен видео үзінділерді Instagram парақшасында жариялады.
Жалғас Жұмағұлов 28 маусымда Oktagon титулы үшін грузиялық Бено Адамиамен жұдырықтасады.