Қазақстандық гүрзі жұдырықты боксшы қарсыласын есінен тандырды (ВИДЕО)
07.06.2025, 07:00
Ауыр салмақтағы боксшы Нұрлан Сапарбай беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирін сәтті бастады.
instagram/@qsport.kz
Жартылай финал жолдамасы және нокдаун
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен кездесуде Сапарбай Германия өкілі Мервель Биндамен қолғап түйістірді. Толық басымдық танытқан қазақстандық былғары қолғап шебері барлық төрешінің бірауызды шешімімен – 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, екінші раундта рефери Биндаға нокдаун санады. Бұл Нұрланның жекпе-жектегі үстемдігін айқын көрсетті.
Нұрлан жүлдесіз қалмайды
Бұл жеңістің нәтижесінде Сапарбай турнирдің жартылай финалына өтті және кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал неміс спортшысы жарысты жүлдесіз аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама