Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасының көшбасшысы қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.06.2025, 23:44

Абылайхан Жүсіпов Нидерландта өтіп жатқан беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде кезекті жеңісіне жетті.  

olympic.kz
Реклама
Реклама

Неміс қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жүсіпов ширек финалда Германия өкілі Симон Ритпен қолғап түйістірді. Төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының басым екенін мойындап, 5:0 есебімен жеңісті берді.

Бұл нәтиже Абылайханның турнирдің жартылай финалына жолдама алуына мүмкіндік берді. Ол кем дегенде қола медальды қалтасына басты. Ал Симон Рит үшін бұл турнир осымен аяқталды.

Еске сала кетейік, Абылайхан Жүсіпов Эйндховен турниріндегі алғашқы кездесуінде литвалық Александр Трофимчукті айқын басымдықпен тізе бүктірген. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары