Бүгін Эйндховенде сегіз қазақстандық боксшы финалға таласады
08.06.2025, 14:34
Эйндховен қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан халықаралық EBC бокс турнирінің жартылай финалдық кезеңінде сегіз қазақстандық боксшы рингке шығады.
olympic.kz
8 маусым күні, Эйндховен аренасында күндізгі және кешкі сессиялар аясында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасының мүшелері финал жолдамасы үшін өз салмақ дәрежелерінде түрлі елдердің мықты қарсыластарымен күш сынасады.
Күндізгі сессия (Астана уақытымен 17:00 – 20:00):
- 50 кг: Даниял Сәбит — Редуан Асайхи (Бельгия)
- 65 кг: Ертуған Зейноллинов — Али Абдуллаев (Әзербайжан)
Кешкі сессия (Астана уақытымен 22:00 – 00:00):
- 70 кг: Абылайхан Жүсіпов — Анас Каддури (Бельгия)
- 75 кг: Сабыржан Ақхалықов — Джамал Кулиев (Украина)
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Силас Идэ (Дания)
- 85 кг: Дәулет Төлемісов — Идрис Леганас (Бельгия)
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
- 90 кг: Нұрлан Сапарбай — Идрис Шонуби (Бельгия)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама