Еуропада өткен беделді турнирде Қазақстан боксшысы алтын жүлдеге қол жеткізді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 19:06

Қазақстандық жас боксшы Даниял СӘбит Нидерландының Эйндховен қаласында өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде алтын медаль иеленді.

vesti.kz

Финалдағы таза жеңіс

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәбит финалда Моңғолия өкілі Баттулга Алдархишигпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Байрақты бәсекедегі шешуші айқас толық үш раундқа созылды.

Турнирдің жартылай финалында Даниял Бельгия боксшысы Редуан Ассаиді нокаутпен жеңіп, финалға жолдама алған.

Сәбиттің басты жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионы – 2024 (Қарағанды)
  • “Странджа кубогының” күміс жүлдегері – 2025 (София, Болгария)
  • Азия чемпионы – 2021

Жас спортшының бұл жеңісі — еліміздің бокс мектебінің әлеуеті әлі де жоғары екенін көрсетеді.