Өзбекстан құрамасының мүшесі Абдумалик Халоков Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде өз елінің қоржынына алғашқы алтын медальды салды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Халоков Ұлыбритания өкілі Джек Драйденмен қолғап түйістіріп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, екінші раундта Халоков қарсыласын нокдаунға жіберген. Осылайша өзбек боксшысы турнир жеңімпазы атанды, ал британдық күміс жүлдемен шектелді.
Халоков — қазіргі таңда әлемдік әуесқой бокстың ең жарқын жұлдыздарының бірі.
Осыған дейін дәл осы турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алған болатын. 50 келі салмақта Даниял Сәбит чемпион атанып, ел намысын биікке көтерді.