Екі нокдаунмен аяқталған айқас: Қазақстандық гүрзі жұдырықты боксшы "алтын" иеленді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 01:35

Суперауыр салмақтағы боксшы Нұрлан Сапарбай Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде ешкімге дес бермеді. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Финалдық жекпе-жек: екінші және үшінші раундта нокдаун

Сапарбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен финалда Германия құрамасының үміті Деннис Охайомен қолғап түйістірді. 

Екінші және үшінші раундтарда неміс боксшысы нокдаунға түсіп, рефери екі мәрте есеп ашуға мәжбүр болды. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан шешім шығарып, жеңісті Нұрлан Сапарбайға берді.

Чемпиондық жол

Нұрлан финалға дейін мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Алдымен Германиядан келген Мервель Бинданы тоқтатса, кейін Бельгия өкілі Идрис Шонубиден басым түсіп, шешуші кезеңге шықты.