Спортшы омыртқасындағы жаңа асқынуға байланысты Мәскеуде қайта тексеруден өтуді жоспарлап отыр.
Танымал ресейлік ММА файтері Александр Емельяненко омыртқасындағы қиындықтарға байланысты тағы бір операцияға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді.
"Жақында бел омыртқамда да ауырсыну сезілді. Бұрын мойын жақта осылай болған еді. Қазір балдақпен жүруге мәжбүрмін", – деді Емельяненко.
Оның айтуынша, ол Мәскеуге барып, толық медициналық тексеруден өтуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін де спортшыда мойын омыртқасына қатысты күрделі мәселелер болған. Атап айтқанда, 5 наурызда ол әлеуметтік желіде аяғының жансызданып қалғанын айтып, омыртқалар арасындағы жарықтың жұлынды қысып тастағанын хабарлады. Бұл жағдайдан кейін оған операция жасалып, 10 айлық оңалту кезеңі белгіленді. Осыған байланысты Беларусьтегі жекпе-жегі кейінге шегерілді.
Операциядан кейін Емельяненко хирургиялық сәттен үзінді көрсетіп, дәрігерлерге алғыс білдірді.
Сәуір айында спортшы дәрігерлердің тыйымына қарамастан спорттық мансабын жалғастырғысы келетінін айтқан. Алайда оның өкілі кейінірек Емельяненко балдақсыз жүре бастағанымен, рингке қайтып оралуы әзірге жоспарланбағанын атап өтті.