Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова үлкен спортқа оралмақ

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 09:30

2024 жылы Париж Олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алған өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрова үлкен спортқа қайта оралу ниеті барын мәлімдеді. Белгілі спортшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады. 

repost.uz

Париждегі триумфтан кейінгі жаңа мақсат

Келдиёрова өзінің Instagram парақшасында:

"Қайта оралатын сәтті асыға күтемін", – деп жазды.

Бұған дейін спортшы аяғы ауыр болғандықтан татамиден үзіліс алғанын хабарлаған еді. Соған қарамастан Олимпиадалық аренаға қайта оралу – басты армандарының бірі екенін атап өтті.

Тарихи жеңіс: Парижде әлемді таңғалдырды

Диёра Париждегі  Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже көрсетті. 1/16 финалда 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Абэ Утэні иппонмен (есеп: 10:1) жеңіп, сенсация жасаған. Финалда Косоводан келген мықты қарсыласы Дистрию Красничиді де тізе бүктіріп, алтын медаль еншіледі.