WBA шешімі: Қазақстанның ең сұлу боксшысы әлемдік рейтингте үздік төрттікке енді

Редактор Penalty.kz
11.06.2025, 23:35

Қазақ боксшысы Балауса Мұздыман WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жариялады. 

instagram/@muzdi__

Мұздыман — ТОП-4 қатарында

Қазақстандағы ең көрікті спортшы қыздардың бірі атанған Балауса Мұздыман өзінің табанды еңбегі арқасында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінде ілгеріледі.

"Құттықтауға болады. Еңбек өз жемісін береді. Рейтингте төртінші орынға көтерілдік. Армандарға бір қадам жақын қалды", — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Соңғы жекпе-жек — нокаутпен жеңіс!

Балауса Мұздыман соңғы кездесуін 7 маусым күні Алматыда өткізіп, Мысыр елінің боксшысы Айя Рамаданмен рингте жолықты. Жекпе-жек алғашқы раундта-ақ нокаутпен аяқталып, жеңіс қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Мұздыманның жарқын жолы

Балауса — тек сұлу мүсінімен емес, шынайы спорттық шеберлігімен танылып келе жатқан кәсіби боксшы. Оның рейтингте көтерілуі қазақстандық әйелдер боксының дамуының айқын дәлелі.