UFC жанкүйерлерін дүр сілкіндірген мәлімдеме! Камару Усман Шавкат Рахмонов пен Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті ең көп күтілетін айқас деп атады.
Экс-чемпион Камару Усман қазақстандық файтерге келесі қарсылас ретінде Шон Брэдиді ұсынды. Бұл жекпе-жек бүкіл дивизиондағы ең көп күтілетін кездесу болуы мүмкін.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман жақында Хоакин Баклиді жеңгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында жартылай орта салмақтағы дивизиондағы ықтимал жекпе-жектерге қатысты пікір білдірді. Ол ең қызықты текетірес ретінде Шавкат Рахмонов пен Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті атады.
«Шон Брэди мен Шавкат Рахмонов — бұл жұпты көруді бәрі қалайды», – деді нигериялық файтер.
Усман өз сөзінде бірнеше басқа қарсыластықты да атады:
Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жарақат салдарынан біраз уақыт дайындық үдерісінен шет қалған еді. Алайда қазір спортшы толық жаттығу режиміне қайта оралды және келесі айқасқа дайындықты бастап кетті.