Қазақстандық жас боксшы Элина Базарова Азияны тәнті етті. Ол Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Азия бокс конфедерациясы (ASBC) тарапынан үздік әйел боксшы деп танылды.
Элина Базарова 2004 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген. Спорттағы жолы 2019 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатындағы жеңіспен басталды.
Сол жылы Базарова Біріккен Араб Әмірліктеріндеге Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болса, 2022 жылы Сербиядағы "Golden Gloves of Vojvodina" халықаралық турнирінде алтын медаль еншіледі.
Элина Базарова 2022 жылдың соңында Испанияның Ла-Нусия қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет осындай нәтиже көрсеткен боксшы атанды.
Ол Азия чемпионы Виктория Байдукованың орнына құрамға енді. Финалда германиялық Крисоваланта Куцоxристуды айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Элина 2024 жылдың наурызында Астанада өткен U-22 Азия чемпионатының финалында үндістандық Прити есімді қарсыласымен кездесіп күміс жүлдені қанағат тұтты.
2025 жылдың мамырында Коломбо қаласындағы U-22 Азия чемпионатында Базарова қайтадан рингке шықты. Бұл жолы ол финалда Вьетнам елінің талантты боксшысы Нго Тхи Май Чукты сенімді түрде жеңді. Осыдан кейін оны ASBC 22 жасқа дейінгі Азияның үздік әйел боксшысы деп таныды.