Азат Мақсұм - Тагир Уланбеков айқасының жеңімпазы анықталды

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 12:00

Баку қаласында өтетін UFC on ABC 8 турнирінде қазақстандық файтер Азат Мақсұм ресейлік Тагир Уланбековпен октагонда кездеседі.

NUR.KZ

Баку қаласында өтетін UFC on ABC 8 турниріндегі басты жекпе-жектердің бірі — қазақстандық Азат Мақсұм (15-1) мен ресейлік Тагир Уланбеков (16-2) арасындағы айқас болмақ. Осыған орай, әйгілі Sherdog порталы бұл жекпе-жектің алдын ала нәтижесін болжады.

Сарапшылар не дейді?

Sherdog шолушыларының пікірінше, Азат Мақсұмның даусыз атлеттік қабілеті бар, алайда UFC деңгейіндегі жоғары класстағы қарсыластармен кездесулерде ол әлі толық ашыла алмай келеді.

«Мақсұм бұрын жеңіліс көрмеген мықты файтер ретінде UFC-ге келді, бірақ оның соққылары қарсыластарды қысыммен басып тастайтындай мықты емес. Сонымен қатар, оның күресі де Тайсон Нэм немесе Чарльз Джонсон сияқты қарсыластармен кездескенде жеткілікті бақылау орната алмады», — деп жазады портал.

Жеңіс Уланбековке беріледі

Sherdog жазбасында Максумның соңғы кездесуі — Чарльз Джонсонға қарсы айқас — мансабындағы алғашқы жеңіліс болғаны еске салынған. Сарапшылар оның енді бейімделу кезеңіне өтіп жатқанын және болашақта агрессивті стиль көрсетсе, дивизионда көпшілікке қауіп төндіре алатынын айтады.

«Қазіргі сәтте Уланбеков өзінің тәжірибесі мен техникасының арқасында раундтарды ұтып, жеңіске жетуге тиіс. Болжам: жеңіс Тагир Уланбековта — төрешілер шешімімен», — делінген мақалада.