Дмитрий Бивол ұлын боксқа баулып жүр (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 17:04

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзінің ұлы Миронға бокстың негіздерін үйретіп жатыр. Бұл сәт желіде таралған бейнежазбада айқын көрінеді.

instagram/@bivol_d

Әкелі-балалы жаттығу сәті

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол ұлына лапа ұстап, оны бокс техникасының қыр-сырына баулып жатқанын көруге болады. Мирон тек бокспен емес, сонымен қатар хоккеймен де айналысады. Спортты серік еткен балақайдың шеберлігі көпшілікті сүйсіндіріп отыр.

Чемпионның жолы және титулдан айырылу

Есіңізде болса, биыл ақпанда Бивол Артур Бетербиевті жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған. Бұл жекпе-жек кәсіби бокстағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде тарихта қалды.

Жеңістен кейін Бивол шешенстандық "Джагернаутпен" трилогия ұйымдастыратынын мәлімдеген. Бірақ Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) ресейлік боксшыны титулын қорғау үшін уақытша чемпион Давид Бенавидеспен кездесуге міндеттеді.

Бивол бұл талаптан бас тартып, нәтижесінде WBC белбеуінен айырылды. Осылайша "Монстр" лақап атымен танымал мексикалық WBC тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атанды.