Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сағындық Тоғамбай АҚШ чемпионына қазақтың темір жұдырығы қандай екенін көрсетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.07.2025, 22:19

Астана төріндегі World Boxing әлем кубогында Қазақстан намысын қорғау мәртебесі Сағындық Тоғамбайға бұйырды.Ол ширек финалда америкалық боксшымен қолғап түйістірді. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Тоғамбай төрешілердің бір ауыздан берген шешімімен жеңіске жетті

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен бұл кездесу – нағыз тартысты өткен айқастардың бірі болды. Сағындықтың қарсыласы АҚШ-тың алты дүркін чемпионы Малачи Джорджес еді. Алайда америкалықтың барлық атақ-дәрежесі қазақ боксшысының алдында тосқауыл бола алмады.

Тоғамбай төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол турнирдің жартылай финалына шығып, кемінде қола медаль алады. 

Қарсыласы – атақты чемпион, бірақ Тоғамбай тәжірибесі мен шеберлігін көрсетті

Малачи Джорджес АҚШ-та аса беделді спортшы, бірнеше мәрте ел чемпионы атанған. Бірақ қазақстандық спортшы оның шабуылдарын дер кезінде тойтарып, тактикалық тұрғыда басым екенін дәлелдеді.

Бір ерекшелігі – Сағындық жекпе-жек барысында сабырлы қалпын сақтап, қарсыластың қатты соққыларынан сытылып кете алды.

Сағындық Тоғамбай – болашағы зор боксшы

Тоғамбай жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы. Ал ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионатының және 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.