Реклама
Реклама

Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы кәсіпқой рингте жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.07.2025, 11:42

Тегі қазақ, Өзбекстан құрамасының өкілі Мадияр Саидрахимов (2-0, 0 KO) кәсіби бокстағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

instagram@/saydrakhimov_madiyar

Жекпе-жек жайлы толық ақпарат

Сайдрахимов IBA.PRO 7 турнирі аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен жекпе-жекте бақ сынады. Оның қарсыласы – Әзербайжаннан шыққан дебютант боксшы Ахмад Мустафаев болды.

  • Салмақ дәрежесі: бірінші ауыр салмақ
  • Кездесу ұзақтығы: 6 раундқа жоспарланған
  • Нәтиже: Саидрахымов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті
  • Айрықша сәт: 5-раундта Мустафаев нокдаунға түсті

Мансаптағы жетістігі

Бұл жекпе-жек арқылы Мадияр Саидрахимов кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Ахмад Мустафаев үшін бұл – рингтегі алғашқы кездесу және алғашқы жеңіліс болды.

Реклама
Реклама