Сабыржан Ақхалыков Астанадағы финалда болгариялықты тас-талқан етіп, алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Әлем чемпионы Сабыржан Ақхалыков World Boxing кубогының финалында қарсыласын толық басымдықпен жеңді.
Соққының астына алды
75 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз Болгария елінің намысын қорғаған Рами Киванмен қолғап түйістірді.
Кездесу еш күмән тудырмайтын жеңіспен аяқталды. Барлық бес төреші де 5:0 есебін беріп, жеңісті бірауыздан Ақхалыковқа тапсырды.
Үйдегі турнир – үйреншікті жеңіс
Осылайша Сабыржан өз жерінде өткен халықаралық додада алтын медаль еншілеп, жанкүйерлерін қуантты. Ал Рами Киван турнирді "күміспен" аяқтады.
Ақхалыков кім?
- 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы
- 2024 жылғы Азия чемпионы
- Қазақстанның болашағы зор боксшысы
Ал 25 жастағы Рами Киван – ересектер арасындағы Еуропа чемпионы.
Жарнама
Жарнама