Қазақстан мен Өзбекстан файтерлерінің жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (Видео)
Ташкенттегі Octagon 75 турнирінде қазақстандық Тазабек Баянов пен өзбекстандық Абдумалик Ербутаев арасындағы тең дәрежелі айқас нокаутпен аяқталды.
Екінші раундтағы шешуші соққы
Жеңіл салмақтағы бұл кездесу нағыз текетіреске толы болды. Бұған дейін жеңіліп көрмеген екеуі — қазақстандық Тазабек Баянов (3-0) пен өзбекстандық Абдумалик Ербутаев (4-0) Octagon 75 аренасында алғаш рет жолықты.
Жекпе-жек екінші раундтың 3 минут 29-секундында аяқталды. Баянов қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне жетті. Ал Ербутаев үшін бұл алғашқы жеңіліс.
Нокаут сәтін төмендегі видеодан көруге болады.
Турнирдің басты жекпе-жегі
Octagon 75 турнирінің негізгі оқиғасы ретінде уақытша чемпиондық белбеу үшін ауыр салмақтағы кездесу өтеді. Бұл жекпе-жекте:
Ресейлік Даниял "Т-34" Эльбаев (12-6) пен өзбекстандық Азамат "Айдаһар" Нуфтиллаев (16-1-1) күш сынасады.