Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"UFC-ден шығарып жіберіңдер!" — Шавкат Рахмоновтың мәлімдемесі жанкүйерлерді ашуландырды

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 18:31

Қазақстандық UFC файтері, жартылай орта салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов соңғы берген сұхбатында аралық жекпе-жектерге шықпайтынын және тек титул үшін ғана октагонға оралатынын мәлімдеген. Бірақ бұл сөздері жанкүйерлер арасында наразылық туғызды.

sportburo.kz
Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде қызу талқы

Рахмоновтың сөздері TikTok пен X (бұрынғы Twitter) желісінде қызу талқыға түсті. Көптеген UFC жанкүйерлері оның мұндай ұстанымын кәсіби спортшыға лайық емес деп санап отыр:

“Оны UFC-ден шығарып жіберу керек!”
“Қате жауап. Саған қашан айтылса, сол кезде жекпе-жекке шығасың!”
“Power Slap-қа жіберіңдер мұндайларды!”
“Осы менталитеттің кесірінен UFC құлдырап жатыр. Ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейді”
“Топ-5-те жеңісі жоқ, басты кардта шықпаған, жылына бір рет қана төбелеседі, енді титул сұрайды”
“Ұрысқысы келмесе, басқа мамандық таңдағаны дұрыс шығар...”
“Ол титул мүмкіндігін жіберіп алды. Енді дивизион алға жылжыды. Алдында Ислам да, Брэди де бар. Тіпті Усман да болуы мүмкін. Саған жекпе-жекке шығуға тура келеді, бауырым!”

Шавкат не деді?

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейінгі сұхбатында:

“Мен аралық жекпе-жектерге шыққым келмейді. Тек чемпиондық белбеуге таласатын кездесуді күтемін”, – деп мәлімдеген еді.

Ол өз кезегінде титул үшін өтетін Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев арасындағы жекпе-жек нәтижесін күтетінін де айтқан болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары