Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бұрымды боксшымыз кәсіпқой бокста дебют жасайды

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 20:50

Әлем және Азия чемпионы, қазақ боксының жарық жұлдызына айналған Элина Базарова 11 шілде күні Алматыда өтетін кәсіби бокс кешінде дебют жасайды.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық жас боксшы, әлем және Азия чемпионы Элина Базарова 11 шілде күні Алматыда өтетін кәсіби бокс кешінде алғаш рет рингке шығады. 

Бокс кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтпек. Элина қарсылас ретінде өзбекстандық тәжірибелі спортшы — Ситора Шоғдаровамен қолғап түйістірмек. Шоғдарова — жастар арасында Азия чемпионы және 2021 жылғы Азия чемпионатының финалисі. Ол кәсіпқой деңгейде екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де сенімді жеңіске жеткен.

Элина — ел үміті

Элина Базарова бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетіп, бірнеше рет халықаралық жарыстарда топ жарған. Биылғы мамырда Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Бұл жетістіктер оның кәсіпқой деңгейге дайын екенін көрсетті.

Бокс кешінің өзге қатысушылары

Сол кеште тағы бір жас спортшы — Дулат Бекбауов та өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ал Саматәлі Төлтаев кәсіби бокстағы алтыншы кездесуіне шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары